Петропавлға жұмыс сапарымен келген 1989 жылғы көкшетаулық азамат Петропавлда соққыға жығылған. Ол ес-түссіз күйде облыстық көпбейінді ауруханаға түскен, деп хабарлайды Qazaqstan Media.
Зардап шегуші бірден аурухананың нейрохирургиялық бөліміне жатқызылды. Оны тексеру барысында ауыр бас-ми жарақатын алғаны анықталды. Науқасқа бірден білікті дәрігер Балхар Шатуев ота жасады.
«Операция сәтті өтті. Бірнеше аптадан кейін науқастың жағдайы жақсарып, амбулаторлық емге шығарылды. Алайда, ота кезінде мидың қысылуын болдырмау үшін бас сүйектің бір бөлігі алынып тасталған болатын»,- деп хабарлады аурухана дәрігерлері.
10×8 см көлеміндегі сүйек дефектісін қайта қалпына келтіру үшін пациентке алты айдан кейін жоспарлы краниопластика қажет болды.
Пациент басқаға емес, өзінің сенімді дәрігері Балхар Шатуевке жүгінді. Білікті дәрігер мен аурухана ұжымының
арқасында ота сәтті жасалды. Көкшетаулық тұрғын өмірге жаңа келгендей болды. Қазіргі таңда жұрт қатарлы жұмыс істейді. Отбасымен бірге. Оның барлығы солтүстікқазақстандық білікті ақхалаттылардың арқасы деп айтуға толық негіз бар.
Тағы оқыңыз: СҚО-да 146 мың га жер мақсатты пайдаланылмай келген