[et_pb_section fb_built=»1″ admin_label=»section» _builder_version=»4.16″ global_colors_info=»{}»][et_pb_row admin_label=»row» _builder_version=»4.16″ background_size=»initial» background_position=»top_left» background_repeat=»repeat» global_colors_info=»{}»][et_pb_column type=»4_4″ _builder_version=»4.16″ custom_padding=»|||» global_colors_info=»{}» custom_padding__hover=»|||»][et_pb_gallery _builder_version=»4.18.0″ _module_preset=»default» gallery_ids=»15631,15630,15629,15628″ fullwidth=»on» hover_enabled=»0″ sticky_enabled=»0″ admin_label=»Gallery»][/et_pb_gallery][et_pb_text _builder_version=»4.18.0″ _module_preset=»default» global_colors_info=»{}» admin_label=»Text»]

«Экспромт» халық би театры «Dance Mania» халықаралық хореографиялық байқауында үздік атанды. Солтүстікқазақстандық ұжым 2 гран-при, 6 бірінші және 1 екінші орынды иеленіп келді, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Халықаралық хореографиялық конкурс наурыздың 26-сы күні Астана қаласында ұйымдастырылды. Оған Қазақстан, Ресей және Қырғызстан елдерінен келген 60-тан астам би ұжымы қатысқан. Жарыста өңір намысын жергілікті «Экспромт» театрының 8 бен 15 жас аралығындағы 2 тобы қорғады. Нәтижесінде, әр биші қос-қос медаль, дипломмен оралды.

«Қыздарымыз жеңіске жету үшін барын салды. Әрине, бойларын қорқыныш пен қобалжу сезімі билегені рас. Дегенмен, мұның бәрін еңсеріп, қаншама топтың ішінен суырылып алға шықты. Жалпы байқауға өткен жылдың қыркүйек айынан бастап тыңғылықты дайындалдық. Театрдың ортаңғы тобы алғаш рет сыртқа шығып, өнерлерін көрсетіп қайтқанын айта кеткім келеді. Соған қарамастан бірден, 4 бірінші орынға ие болып отыр. Бұл – өте жоғары нәтиже», – дейді «Экспромт» халық би театрының жетекшісі Алена Маринец.

Би театрының мүшесі Анастасия Васильеваның ұжымға қосылғанына бірнеше жыл болыпты. Осы уақыт аралығында талай конкурстарға қатысып, қазылардың көңілінен шыққан. Содан да болар, жасөспірім сахнада емін-еркін өнер көрсетуден еш қысылмайды.

«Осы жолғы жеңісіміз біз үшін үлкен жетістік. Тынымсыз еңбегіміздің текке кетпегенінің дәлелі. Енді мұнымен тоқтап қалмай, одан әрі биік шыңдарды бағындырғымыз келеді», – дейді Анастасия Васильева.

«Экспромт» халық би театрының құрылғанына 2024-те 35 жыл болады. Ал «Звонница-Наследие» ансамблінің сахнада жүргеніне – 27 жыл. Бұл құрам да жуырда Түркістан қаласына барып, халықаралық конкурстан олжалы оралды. Талантты жандар ән айтып қана қоймай, мың бұрала билейді де.

«Конкурс түрлі жанрдан тұрды. Біздің өнерпаздар вокал бойынша нөмір дайындап, отырғандардың қошеметіне бөленді. Нәтижесінде, кіші және ортаңғы топ 2 гран-приге ие болды. Келешекке қойған жоспарларымыз ауқымды. Шығармашылық жолымызды бұдан да мықты деңгейге көтергіміз келеді», – дейді ансамбльдің көркемдік жетекшісі әрі хореографы Татьяна Утежанова.

[/et_pb_text][/et_pb_column][/et_pb_row][/et_pb_section]

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x