Солтүстік Қазақстанда еңбек  міндеттемелерін бүзғандарға 9 млн теңгеге жуық айыппұл салынды

Мемлекеттік еңбек инспекторлары 2023 жылдың 8 айында шарттарды бұзғаны үшін жұмыс берушілерге 85 ұйғарым берген. 8,7 млн. теңгеден астам сомаға 53 айыппұл салды, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Бұл ақпаратты облыстық мәслихатындағы «AMANAT» партиясының депутаттық фракциясының отырысында мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының бөлім басшысы Азат Көшербаев айтты. 

 «143 тексеру жүргізілді, 204 бұзушылық анықталды, оның 83-і еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша. Осы жылдың 8 айында өндірісте 21 жазатайым оқиға орын алып, 24 адам зардап шекті, 8 адам қаза тапты», — деді Азат Көшербаев.

Жалпы мемлекеттік еңбек инспекциясы ай сайын өндірістік жарақат алу қаупі бар кәсіпорындарға мониторинг жүргізеді. Биыл 28 ұйым аттестаттаудан өтті, 117 ірі кәсіпорын еңбекті қорғау бойынша халықаралық стандарттарды енгізді. Қазіргі уақытта Солтүстік Қазақстан облысында қауіпсіздік техникасын оқытатын 5 ұйым жұмыс істейді. 2022-2023 жылдары онда 2,5 мыңға жуық адам оқудан өтті.

Тағы оқыңыз: Петропавлда жайдарман фестивалі өтті

 
Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x