Білім министрлігі су тасқынынан зардап шеккен балаларға қолдау көрсету және олардың салауатты демалысын қамтамасыз ету мақсатында «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығында қосымша ауысым ұйымдастырды. Солтүстік Қазақстан облысынан 96 бала 8-25 мамыр аралығында «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығында демалатын болады, деп хабарлайды  Qazaqstan Media тілшісі.

Облыстық білім басқармасының мәліметінше,  Шал ақын ауданынан 37 бала, Ғ. Мүсірепов ауданынан тоғыз бала Алматы облысы Қонаев қаласындағы «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығына жазғы демалысқа жіберілді. Ал  Ақмола облысы Щучинск қаласындағы «Балдәурен» орталығына Петропавл қаласы мен  Есіл және Қызылжар аудандарынан 48 бала барады. Оқушылар 6 мамыр күні жолға шығады.

 Тағы оқыңыз:Петропавл-Жезқазған тас жолының су шайып кеткен учаскесі ашылды

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *