Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы жаңа Конституциясы жобасында шетелдіктерге жер сатуға тыйым салу алынып тасталды деген ақпараттың таралуын тіркеп отыр. Орталық бұл мәліметтің шындыққа сәйкес келмейтінін  мәлімдеді, деп жазады Qazaqstan Media.

Ведомствоның хабарлауынша, қолданыстағы Конституцияның 6-бабы 3-тармағында бекітілген «жер және оның қойнауы, су көздері, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі, басқа да табиғи ресурстар» туралы норма жаңа Конституция жобасында дәл сол күйінде сақталған. Яғни, аталған қағидаларға ешқандай өзгеріс енгізілмеген.

Сонымен қатар, Конституциялық реформа жөніндегі комиссия да бұл нормалардың өзгеріссіз қалуға тиіс екенін растаған. Егер бұрын мемлекеттің тұтастығы мен унитарлығы мәселелері қорытынды және өтпелі ережелерде көрсетілсе, жаңа Конституция жобасында олар конституциялық құрылыстың негіздері ретінде бастапқы тарауларда бекітілген.

2026 жылғы 30 қаңтардағы жаңа Конституция жобасының 2-бабына сәйкес:

  • Қазақстан Республикасының егемендігі оның бүкіл аумағын қамтиды;

  • Мемлекет өз аумағының тұтастығын, бөлінбеуін және оған қол сұғылмауын қамтамасыз етеді;

  • Қазақстан Республикасының егемендігі, тәуелсіздігі, унитарлығы, аумақтық тұтастығы мен басқару үлгісі өзгермейді.

Осылайша, шетелдіктерге жер сатуға тыйым салу күшін жойды деген мәлімдемелердің ешқандай құқықтық негізі жоқ.

Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы фактілерді әдейі бұрмалау және манипуляциялық ақпарат тарату құқықтық жауапкершілікке әкелуі мүмкін екенін еске салып, азаматтар мен медиа өкілдерін мәліметтерді тек ресми дереккөздерден тексеруге шақырды.

Тағы оқыңыз: «Ұлттық қор – балаларға»: әр қазақстандық балаға 370 доллардан астам қаржы жиналды

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *