Шетелдік есептегі көлікпен жол ережесін бұзған 108 жүргізуші анықталды

Биыл шетелдік есепте тұрған көліктерімен жол ережесін өрескел бұзған 108 солтүстікқазақстандық жүргізуші анықталды. Аталған фактілер заманауи бейнебақылау жүйелері мен «Мегакам.Қорғау» қосымшасы арқылы тіркелді, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

«ВАЗ-21114» маркалы автокөлігін тізгіндеген петропавлдық мамыр айы бойы жол ережелерін 5 рет бұзған. Ол белгіленген жылдамдықты шамадан асырған әрі өзінің сақтандыру полисі да жоқ екен. Оның үстіне, азаматтың машинасы шетелдік есепте тұрғаны белгілі болды. Іздестіру тобы тұрғынды тауып алып, тоқтатты. Ереже бұзған петропавлдық әкімшілік жауапкершілікке тартылды, автокөлік арнайы айып тұрағына қамалды.

«5 ай ішінде іздестіру тобының қызметкерлері шетелдік есепте тұрған, автоматты режимде жұмыс істейтін арнайы техникалық құралдармен тіркелген ЖҚЕ жүйелі өрескел бұзушылықтары бар көлік құралдарының 108 жүргізушісін ұстады. Осы бағыттағы жұмыс жүргізушілердің тәртібін арттыруға және ауыр зардаптармен ЖКО қаупін азайтуға ықпал етеді», — деді СҚО ПД ЖПҚБ бастығы Айдын Байматов.

Тағы оқыңыз: СҚО-да 17 мектеп мемлекеттік аттестаттаудан өтпеді

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x