Шекарашылар ірі көлемде есірткі өткізбек болғандарды ұстады

ҰҚК Шекара қызметі есірткі заттарын ірі көлемде өткізу әрекеттерінің жолын кесті. Бұл жайында ҚР ҰҚК баспасөз қызметі жазды, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

27 мамыр күні ҰҚК Шекара қызметі есірткі заттарын ірі көлемде өткізудің жолын кесті. Мұндай жағдай бірден екі жерде тіркелген.

«Жамбыл облысының «Ауқатты» өткізу пунктінде Қырғызстаннан Қазақстанға есірткі өткізбек болған шетел азаматы ұсталды. Одан шамамен 24 кг апиын мен 38,2 келі гашиш тәркіленді. Ол 62,2 келі есірткіні көлігінің арнайы әзірленген құпия жеріне жасырған», — делінген баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Ал, екінші факті Қазақстан-Ресей шекарасында тіркелген.

«Солтүстік Қазақстан облысындағы «Қарақоға» өткізу пунктінде Ресейге есірткі жеткізбек болған қазақстандық ұсталды. Одан 62,4 келі кептірілген марихуана тәркіленді. Аталған фактілер бойынша сотқа дейін тергеу амалдары басталды», — делінген хабарламада.

Тағы оқыңыз: СҚО-ның зиялы қауым өкілдері М. Жұмабаевтың ескерткішіне гүл шоқтарын қойды

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x