2-ші қараша күні Шал ақын ауданындағы Рясинка ауылының маңында заңсыз аңшылық құрғандар анықталды. Олар бұлан етін шауып жатқан жерінен ұсталды, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.
Бұланды рұқсатсыз аулағандар облыстың 5 тұрғыны екен. Оларды «Сергеевское орман шаруашылығы»мекемесінің қызметкерлері және «Сергеевское» аңшылық шаруашылығы субъектісінің мамандары бірлесе ұстаған. Алдын ала есеп бойынша, келтірілген шығын көлемі 2,5 миллион теңгеден асады.
Аталған факті тіркеліп, барлық материалдар Шал ақын ауданының полиция бөліміне жіберілді. Тергеу жүргізілетін болады.
Тағы оқыңыз: СҚО-да жаңа сүт фермасы іске қосылды