[et_pb_section fb_built=»1″ admin_label=»section» _builder_version=»4.16″ global_colors_info=»{}»][et_pb_row admin_label=»row» _builder_version=»4.16″ background_size=»initial» background_position=»top_left» background_repeat=»repeat» global_colors_info=»{}»][et_pb_column type=»4_4″ _builder_version=»4.16″ custom_padding=»|||» global_colors_info=»{}» custom_padding__hover=»|||»][et_pb_text _builder_version=»4.18.0″ _module_preset=»default» global_colors_info=»{}»]
Жылу үшін қомақты қаржы төлеуге міндеттелген петропавлдық кәсіпкерлердің ісі бүгін сотқа жолданды, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.
Өткен жылдың соңында Петропавлдағы көпқабатты үйлердің астында орналасқан сауда, тамақтану және қызмет көрсету орындарының иелеріне жылу төлемі бірнеше есе жоғары түбіртек келді. Мұндай өзгеріс есептеудің жаңа түрінен соң орын алды. Өз кезегінде “Севказэнергосбыт” ЖШС-нің басшылығы тың тәсіл қолданылғанын және жұмыс заң аясында жүргізілгенін мәлімдеді. Бұған қарсылық танытқан 300-ге жуық бизнесмен қол жинады. Жақында мәселе “Атамекен” кәсіпкерлер палатасының облыстық филиалында және Табиғи монополияларды реттеу комитеті Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінде қаралды. Басқосулардан кейін жауапты сала өкілдері әр адамның шағымын қарап, жиналған материалды сотқа жолдады.
«Тұтушылардың құқығын әрмен қарай да қорғайтын боламыз. Сот кәсіпкерлердің көңілінен шығар шешім шығаруы тиіс. Себебі, біз бірнеше облыстағы әріптестерімізбен хабарласып, оларда есептеудің жаңа түрі бар-жоғын сұрадық. Бәрінен «жоқ» деген жауап алдық. Егер мәселе іскер жандардың пайдасына шешілсе, жаңашылдық өз күшін жояды және жасалған төлем тұтынушыларға толық қайтарылады»,- дейді ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитеті СҚО бойынша департаментінің басшысы Дамир Тоқтамысов.
[/et_pb_text][et_pb_image src=»https://qaz-media.kz/wp-content/uploads/2023/02/тепло-1.jpeg» _builder_version=»4.18.0″ _module_preset=»default» align=»center» hover_enabled=»0″ sticky_enabled=»0″][/et_pb_image][/et_pb_column][/et_pb_row][/et_pb_section]