Сергеев су қоймасы 94 % толды

Солтүстік Қазақстан облысында Есіл және шағын өзендерде  су деңгейінің көтерілуі байқалады. Бүгінгі таңда  Сергеев су қоймасы  94 % толған, деп жазады Qazaqstan Media тілшісі.

Синоптиктердің  мәліметінше, өткен тәулікте Есіл өзенінің көтерілуі тіркелген. Мәселен, Ғабит Мүсірепов  ауданындағы Тоқсан би ауылы маңында өзен суы бір күнде 105 см-ге көтерілген. Осылайша, тереңдігі 710 см-ге жетті. Крещенка елді мекенінің маңында да Есіл өзенінің суы тәулік ішінде 52 см артыпты. Ал Петропавлда өзен 4 см-ге көтерілген. Тереңдігі – 252 см.

Шағын өзендерге келетін болсақ, Соколовка ауылы маңында Иманбұрлық өзенінің  суы толығып, 71 см-ге артқан. Рузаевка елді мекеніндегі Шарық өзенінің су деңгейі бір тәулікте 45 см-ге көтерілгенін көрсетті. Өзен сулары кейбір жерлерде мұз бетінің үстінен ағып жатыр.

Тағы оқыңыз: Петропавлда дәрігерлерге шабуыл жасап, кейін бір адамды пышақтап кеткен жасөспірімге сот үкім шығарды

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x