«Sensitive» би театры халықаралық байқауда бас жүлдеге ие болды

Солтүстік Қазақстанның мақтанышы — «Sensitive» би театры тағы да үздік атанды. Бұл жолы өнерпаздар Дубайдағы халықаралық хореографиялық фестиваль-байқауда бас жүлдеге ие болды, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

«DANCE-FEST DUBAI» фестивалі сәуірдің 29-ы күні Дубайда басталды. Халықаралық дода 4 мамырға дейін жалғасады. Оған 6 елдің 200-ден астам бишілері қатысуда. Сайыс нәтижелері бойынша «Sensitive» би театры бас жүлдені иеленді. Қолда бар ақпаратқа сүйенсек, Е.Кузьмин мен Е.Воропаева «Танго» және «Самба» хореографиялық қойылымдарын ұсынып, «Дуэт» номинациясы бойынша 1 орынға ие болды.

Д.Қанғожиннің «Спойлер» хореографиялық қойылымы «Соло» номинациясы бойынша 1 орынға ие болды. Тиісінше, өнерпаздар мен Ольга Ростовщиковаға сыйлықтар табыс етілді. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының БАӘ-дегі бас консулы Жұмабек Рауан би театрын арнайы жүлдемен және естелік дипломмен марапаттады. Сондай-ақ, БАӘ-нің көрікті жері — Бурдж Халифаға сертификаттар табыстады.

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x