СҚО-да жазғы сауықтыру лагерьлері туралы ақпартты табу қиын. Олар жайлы тіпті, облыстық білім басқармасының сайтында ешбір мәлімет жоқ. Бұл туралы облыстық әкімдікте өткен жиында өңір жетекшісі Ғауез Нұрмұханбетов айтты, деп жазады Qazaqstan Media тілшісі.
Облыстық әкімдікте өткен жиында балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру әселесі қаралды. Бұл ретте аймақ басшысы Ғауез Нұрмұхамбетов өңірдегі сауықтыру лагерьлеріне қатысты ақпараттың жоқтығына ерекше тоқталды. Айтуынша, бұл мәселе үкімет отырысында көтерілген.

«Солтүстік Қазақстан облыстық білім беру басқармасының сайтында жазғы балалар сауықтыру лагерьлері туралы ақпарат жоқ. Ол туралы үкімет отырысында айтылды. Сондықтан жарнамалау жағына көп көңіл бөліңіздер. Ата-аналар лагерьлер туралы толық ақпарат алулары керек. Лагерьдің толық аталуынан бастап, жабдықталуы, балаларға арналған қандай бағдарламалар бар, соның барлығы толық берілуі тиіс. Оның бәріне ақша төленеді. Сондықтан ресми сайттарда, әлеуметтік желілелерде жарнамалау жұмыстары жақсы жүргізілуі керек», — деді облыс әкімі.
Оны қадағалауды өзінің орынбасары Рахат Жұмағұлов пен білім басқармасына тапсырды.
Ал өңірдің бас санитар дәрігері балалардың жазғы демалысын ұйымдастыруға қатысты өз ұсынысын айтты. Ол лагерьлерге қатысты болып отыр. Әсет Жұматаев демалыс орындарын ауа температурасына қарай ашу керек дейді.
«Біздегі лагерьлер тек жазғы уақытқа арналған. Олар жылытылмайды. Сондықтан ауа температуасы бес күн қатарынан +16°C-тан асқан кезде ғана оқушыларды қабылдаса жақсы болар еді», — деді Әсет Жұматаев облыс әкімдігінде өткен жиында.
Сонымен қатар, ол аудан әкімдері мен білім басқармасының басшысына лагерь аумақтарын зарарсыздандыру жұмыстарын енді тек лицензиясы бар ұйым ғана жүргізе алатынын ескертті. Солтүстік Қазақстанда мұндай бір ғана мекеме бар екен. Ол — ұлттық сараптама және сертификаттау орталығы.
Тағы оқыңыз: Уәлихандық «Тұмар» би ұжымы Түркияда өткен байқаудың жеңімпазы атанды