«Саланг» әскери-патриоттық клубы кезекті іздеу жұмыстарынан оралды. Осы жолы олар соғыста қаза тапқан 153 жауынгердің денесін табуға септесті, деп жазады Qazaqstan Media тілшісі.

Әскери клубтың жетекшісі Александр Азегов үшін бұл 30-шы іздеу жұмыстары. Осы жолы олар бес адам болып Ресейге аттанған. Қазақстаннан тек екі топ қана барған.

«Саланг» клубының мүшелері соғыста қаза тапқан 153 жауынгердің денесін қайта жерлеуге көмектесті

«Біз сәуірдің 19-ы жолға шықтық. Қазба жұмыстары Ресейдің Новгород облысында жүргізілді. 10 шақырым батпақты жермен жүрдік. Осы жолы қаза болған жауынгерлерді іздеу жұмыстарына барлығы 27 топ қатысты. 153 солдаттың денесін қазып көтердік. Жеті жауынгердің медальонын таптық. Оның үшеуін оқу мүмкін болды. Қалған төртеуін әлі зерттеп жатыр», — дейді елге оралған Александр Азегов.

Соғыс жылдарында от кешіп, жау қолынан қаза тапқан азаматтардың денесі мен олардың жеке заттарын іздеу жұмыстарына жастар да қызыға қатысады. Солардың бірі — ағайынды Шувакиндер. Дмитрий үшін бұл тоғызыншы сапар болса, Иван алғаш рет қатысқан.

«Менің үлкен атам соғысқа қатысқан. Мен үшін іздеу жұмыстарына бару үлкен міндет болды. Қазба жұмыстары кезінде оқ, снаряд қалдықтарын таптым. Автоматтың сынығын таптым. Өте үлкен әсер алдым. Ол жердегі атмосфераны айтып жеткізу мүмкін емес. Әр табылған зат маңызды», — деп өз ойымен бөлісті М. Қозыбаев атындағы СҚУ студенті Иван.

Биылғы сапарда әскери-патриоттық клуб мүшелерін ауа райы да сынаған секілді. Қар жауып, салқын түскен. Бірақ соның өзіне қарамастан сапарлары сәтті болыпты. Ал жер жастанған жауынгерлердің денелері алтыншы мамыр күні бауырлас бейітке құрметпен қайта жерленген.

Тағы оқыңыз: СҚО-да минералды жолақтарды жырту жұмыстары 5% ғана орындалған

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x