Сабақ кезінде оқушыларға ұялы телефон ұстауға заңмен тыйым салынады

Бүгін Сенаттың жалпы отырысында білім беру, балалардың қаупсізідігіне қатысты заңға өзгертулер енгізілді. Оның ішінде оқу процесінде ұялы телефондарды пайдалануға шектеу қою, тестілеусіз бірінші сыныпқа қабылдау, балабақшаларға орын беру бойынша бірыңғай кезектілікті қамтамасыз ету бар, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Сенатта «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне білім беру, тәлімгерлік және балалардың қауіпсіздігі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңы мақұлданды. Заң Парламент депутаттарының бастамасымен әзірленді.

«Жаңа ықшам аудандарында көппәтерлі тұрғын үй салу кезінде, құрылыс жобалау құжаттарында әлеуметтік маңызы бар — білім беру және денсаулық сақтау объектілерінің міндетті түрде болуын ескеру туралы нормалар енгізілген. Яғни, денсаулық сақтау және білім беру объектілерін орналастыру есепке алынбаса, онда бұл аумақта көппәтерлі тұрғын үйлерді салуға тыйым салынады», — деді сенатор Алтынбек Нухұлы.

Бұл үш ауысымды мектептер мәселесін шешуге, сапалы білім беруге және тұрғындарға медициналық көмекті оңай әрі жылдам алуға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, заң жобасында сабақта ұялы телефондарды пайдалануға шектеу қою, тестілеусіз бірінші сыныпқа қабылдау, балабақшаларға орын беру бойынша бірыңғай кезектілікті қамтамасыз ету бар. Білім беру ұйымдарында зорлық-зомбылықты насихаттайтын, діни сипаттағы ақпараттың таралуына жол бермеу және суицидке шақыруды болдырмау шараларын қабылдауды көздейтін нормалар ұсынылған.

Тағы оқыңыз: СҚО-да екі нысан терроризмге қарсы қауіпсіздік талаптарын ескермеген, арасында балабақша да бар

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x