СҚО-да білім бөлімі 15 винтовка сатып алмақшы

Бүгін мемлекеттік сатып алу порталында қызық лот жарияланды. Айыртау ауданының білім бөлімі 15 винтовка сатып алуға өтінім берген, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Қаруды сатып алуға 1 млн 800 мың теңге қаржы жұмсалмақшы. Әр винтовканың құны – 120 мың теңге.

СҚО-да білім бөлімі 15 винтовка сатып алмақшы
СҚО-да білім бөлімі 15 винтовка сатып алмақшы

«Техникалық сипаттамалары: калибрі 4,5 мм-ден аспайды; габариттік өлшемдері 1090х50х240 мм-ден кем емес; оқпанның ұзындығы 450 мм-ден кем емес; салмағы 3 кг-нан аспайды», – делінген құжатта.

Аталған пневматикалық қару спортпен шұғылдануға және оқытуға арналған. Және 10 метрге дейінгі қашықтықта қозғалмайтын нысаналар бойынша атуға жарамды.

Тағы оқыңыз: Сабақ кезінде оқушыларға ұялы телефон ұстауға заңмен тыйым салынады

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x