Солтүстік Қазақстан облысында ауыл тұрғыны азаматтық соғыс кезеңінде қолданылған снарядты тауып алған. Ауыл азаматы бірден полицияға хабарласып, күмәнді затты тапсырды, деп жазады Qazaqstan Media.

Мамлют ауданының тұрғыны снарядқа өзінің бау-бақшасын қазу барысын тап болған. Ол аудандық полиция бөліміне хабарласып, күмәнді зат тауып алғанын айтқан.  Оқиға орнына дереу тәртіп сақшылары мен арнайы мамандар жіберілді.

«Қауіпті болуы мүмкін аймақ қоршалып, жақын маңдағы тұрғындар уақытша қауіпсіз жерге көшірілді. Жарылғыш заттармен жұмыс істеу бойынша дайындықтан өткен оқу-жаттығу взводы табылған затты абайлап тәркілеп, арнайы полигонда жойды»,-деп жазады CҚО ПД баспасөз қызметі.

Болжам бойынша, зат Азамат соғысы кезеңіне (1917–1922 жж.) тиесілі. Күшті тот басуына байланысты оның нақты маркасы мен нөмірін анықтау мүмкін болмады. Айта кетейік, бұл аумақта осыған дейін де өткен ғасырдың басына жататын осындай тарихи заттар табылған болатын.

Тағы оқыңыз: СҚО-да мефедрон таратқан жігіт жеті жылға сотталды

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *