Былтыр Петропавлдағы онкологиялық орталықта 8049 адам ем қабылдапты. Мамандар 1848 пациенттен қатерлі ісікті 2023 жылы анықтап, есепке қойған, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.
Солтүстік Қазақстандағы онкологиялық орталықта жалпы 10976 адам есепте тұр. Бұл 2022 жылмен салыстырғанда 5,4% пайызға көп. Оған қатерлі ісікті ерте анықтау себеп.
Ауру жайында айтар болсақ, өңірде сүт безі обырына шалдыққандардың қатары көп. 237 жағдай. Одан кейін өкпенің және терінің қатерлі ісігі тұр. Дертке шалдығып, есепке тұрғандар саны артқанымен, одан көз жұмғандар саны азайған. 2023 жылмен салыстырғанда 8,2% төмен.
«Дәрігерлердің басты мақсаты – қатерлі ісікті ерте анықтау. Ол үшін тұрғындар арасында скринингтік тексерістер жүргізіледі. Мысалы, сүт безі қатерлі ісігін ерте анықтау үшін 18 медициналық ұйымда 17 стационарлық және 2 жылжымалы маммограф жұмыс істейді», — деді онкологиялық орталық директоры Олег Дудяк.
Өткен жылы онокологиялық ауруларды ерте анықтау үшін 77 мыңға жуық тұрғын скринингтен өткен. Нәтижесінде 110 адамнан індет табылды.
2023 жылы орталық хирургтары 757 ота жасаған. 5378 пациент химиотерапия алыпты.
«Бүгінгі күні онкологиялық орталықта 40-қа жуық химиялық, 15-тен астам мақсатты және гормоналды препараттар, сүйек резорбциясы, иммундық препараттар қолданылады. Соның арқасында 5597 пациент химиотерапиялық ем алды. 666 науқас сәулелік терапиядан өтті», — дейді орталық директоры.
Тағы оқыңыз:Қазақстандықтар пойызға билет сатып ала алмай отыр