Биыл сөз зергері Мағжан Жұмабаевтың туғанына 130 жыл. Ұлт болашағы үшін күресіп, солақай саясаттың құрбаны болған ақынның еңбегі мәңгі ұмытылмайды. Мұны Петропавлда өткен шара барысында облыстың зиялы қауым өкілдері жеткізді. Олар Алаш қайраткерінің ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, рухына тағзым етті, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.
Өткен ғасырдың басында солшыл саясаттың кесірінен 8 мыңға жуық жерлесіміз қуғын-сүргінге ұшырап, жазықсыз атылды. Ал, кейбірі темір торға тоғытылды. Мұндай азапты бастан кешкендердің қатарында ақиық ақын Мағжан Жұмабаев та бар. Кеңес үкіметі оның есімін қазақ тарихынан жазықсыз сызып тастап, жауһар жырларын жоққа шығармақ болды. Ал, бүгінгі күні Мағжанның өлеңдері Қазақстанда ғана емес, өзге елдерде де танымал. Қиын кезеңде ұлт болашағы үшін күрескен Алаш қайраткерінің еңбегін ұрпағы ешқашан ұмытпайды.
«Мағжанның үлкен ағасы Әбәмүслімнен туған қыздың ұлымын. Жасым болса 70-тен асып кетті. Бұл кісінің өмірі қиыншылықпен өтті. Атамызға жылда осындай құрмет көрсетілетініне дән ризамын», — дейді М.Жұмабаевтың ұрпағы Ержан Сейілханұлы.
Тағы оқыңыз: Интернет арқылы көлікке VIР нөмір таңдауға болады