СҚО-ның жаңадан тағайындалған әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов Петропавлда салынып жатқан нысандарды аралады. Өңір жетекшісі енді құрылыс жұмыстарын апта сайын тексермек, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.
Жексенбі күні облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов облыс орталығында салынып жатқан нысандарды аралап, тұрғын үйлердің құрылысы мен абаттандыру жұмыстарының аяқталу барысын тексерді. Петропавл көшелерін жөндеу және саябақтарды салу жұмыстарымен де танысты. «Жас өркен» және «Береке» шағын аудандарында жаңа емханалардың құрылысы аяқталуға жақын. «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында «Орман» шағын ауданында жаңа мектептің құрылысы басталды.
«Барлық нысандарда құрылыс сапасын бақылауды күшейтіп, жұмыстарды мерзімінде аяқтау қажет. Апта сайын құрылыс және жөндеудің барысын тексеріп тұратын боламын», — деп жазды өңір басшысы әлеуметтік желідегі парақшасында.
Тағы оқыңыз: Петропавлда ерлікпен қаза тапқан құтқарушыларды еске алуға арналған турнир өтті