Петропавлдағы №28 орта мектепке Қаныш Сәтпаевтың есімі берілуі мүмкін. Қазір облыстық ономастикалық комиссия бұл мәселені қарастырып жатыр, деп жазады Qazaqstan Media тілшісі.

Қазір өңірдегі төрт білім беру ордасына тарихи тұлғалардың есімін беру мәселесі комиссия қарауында. Оған сәйкес, Петропавлдағы №28 орта мектепті Қаныш Сәтпаевтың Жамбыл ауданы Благовещенка ауылындағы жалпы білім беретін оқу ордасына Марат Кенжегузиновтің, Шал ақын ауданындағы Семиполка орта мектебіне Ұлы Отан соғысының батыры Павел Гончардың және Тимирязев ауданының Ақсуат орта мектебіне Нұржан Қалиасқаровтың есімін беру қарастырылуда.
Сонымен қатар, тоғыз елді-мекеннің атауын өзгерту ұсынысы тағы бар. Мәселен, Комсомол ауылдық округін Ақбидай ауылдық округі деп ауыстыру мәселесі көтерілген.

Тағы оқыңыз: СҚО-да 2025 жылы төрт ауыл мен 128 көшенің атауын өзгерту жоспарланған

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *