СҚО-ның шөп дайындау қарқыны төмен

Солтүстік Қазақстан облысында шөп дайындау қарқыны төмен. Бұл жайында Ауыл шаруашылығы министрлігі мәлім етті, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Ауыл шаруашылығы вице-министрі Аманғали Бердалиннің төрағалығымен жедел штаб отырысы ұйымдастырылып, онда өңірлерді азықпен қамтамасыз ету мәселесі талқыланды. Атқамінердің сөзінше, биыл еліміздің көптеген аймақтарында жемшөп дайындау үшін қолайлы жағдай жасалған. Нәтиже де көңіл қуантып отыр. Қазірдің өзінде қазақстандық фермерлер 8 млн тонна шөп дайындап қойған. Жоспар бойынша биыл көрсеткіш 25 млн тоннаны құрауы керек. Демек, шаруаның шамамен 32%-ы тындырылды.

«Ақмола, Түркістан және Жамбыл облыстары жақсы қарқын көрсетуде. Төмен қарқын — Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Атырау және Маңғыстау облыстарында байқалады», — деп хабарлады министрлік өкілдері.

Ауыл шаруашылығы министрлігі жемшөп өндірісін дамытудың 2022-2025 жылдарға арналған Жол картасын кеңейту бойынша жұмыстарды қолға алды. Осының арқасында, жоғары өнімді сорттар мен будандарды енгізіліп, жемшөп дақылдарының өнімділігін арттыру жөніндегі іс-шаралардың қатары толығатын болады.

Тағы оқыңыз: Әйел адамдарға қандай жағдайда шаш қидыруға болмайды?

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x