СҚО-ның полицейлері кезектен тыс аттестаттаудан өтеді

2024 жылғы 31 желтоқсанға дейін ішкі істер органдары қызметкерлерінің жекелеген санаттары кезектен тыс аттестаттаудан өтеді. Бұл туралы Президент жарлығының жобасы ашық нормативтік-құқықтық актілер порталында жарияланды, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Қызметкерлердің дене шынықтыру, атыс даярлығы бойынша нормативтерді тапсыру, Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге компьютерлік тестілеу және логикалық ойлау қабілеті, IQ және басқарушылық құзыреті деңгейі анықталады. Сынақтарды өткізу кестелерін Ішкі істер министрі немесе оның орынбасарлары бекітеді.

Әңгімелесу қорытындысы бойынша тиісті аттестаттау комиссиясы мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:

— атқаратын лауазымына сәйкес келеді және кадр резервіне қабылдау үшін немесе жоғары тұрған лауазымға жылжыту үшін ұсынылады;

— атқаратын лауазымына сәйкес келеді;

— атқаратын лауазымына сәйкес келмейді және лауазымын төмендетуге ұсынылады;

— атқаратын лауазымына сәйкес келмейді және басқа қызметке (лауазымға) ауысу ұсынылады;

— атқаратын лауазымына сәйкес келмейді және ішкі істер органдарынан босату ұсынылады.

Жарлық жобасы 7 ақпанға дейін жария талқылауға шығарылып отыр.

Тағы оқыңыз: СҚО-да бес ауыл арақтан бас тартқан 

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x