Солтүстік Қазақстан облысының 4 ауылында ірі қара малдан бруцеллез анықталып, ветеринарлар бұл елді мекендерге шектеу шараларын енгізді, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

СҚО ветеринария басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, бруцеллезге 3 ауданның 4 ауылындағы мал шалдыққан. Ол Қызылжар ауданындағы Плоское, Аққайың ауданындағы Ленинское және Ақжар ауданындағы Үлгілі мен Тұғыржап ауылдары.

“Соңғы дерек қарашаның 13-і күні Ақжар ауданы Тұғыржап ауылындағы «Хиуа» шаруа қожалығында тіркелді. Бруцеллез ауруы 5 ірі қара малдан анықталды. Барлық мал сойылды. Қазіргі уақытта елді мекеннен ет және сүт өнімдерін сыртқа шығаруға шектеу қойылған», — дейді СҚО ветеринария басқармасының баспасөз хатшысы.

Жалпы жыл басынан өңірде 223 ірі қарадан бруцеллез анықталған.

Тағы оқыңыз: СҚО-да ауыл шаруашылығы техникасының 75 пайызы тозған

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *