Солтүстік Қазақстан облысы кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы болып Дархан Амрин тағайындалды. Ол осыған дейін аталмыш ведомствода біраз жыл еңбек еткен, деп хабарлайды Qazaqstan Media.
Дархан Амрин Шал ақын ауданы Сергеевка қаласының тумасы. Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде эномика және бизнес бакалавры мамандығы бойынша оқыған. Кейін С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінде экономика магистрі атанды.
34 жастағы басшы еңбек жолын 2011 жылы «Kaspi bank»АҚ менеджері болып бастады.
2012 жылдан 2014 жылға дейін Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігінің сарапшысы, «ҚазАвтоЖол «ҰК» АҚ бас маманы болып жұмыс істеді.
2014 жылдан бастап ұйымдастыру-инспекторлық бөлімінің нұсқаушысы, облыс әкімінің экономикалық мәселелер бойынша бас маман — көмекшісі, СҚО әкімінің көмекшісі қызметтерін атқарды.
2017 жылдың күзінен 2020 жылдың наурызына дейін-СҚО әкімі аппараты басшысының орынбасары болды.
2020 жылдың наурызында Айыртау ауданының әкімі болып тағайындалды. Бұл лауазымда Дархан Амрин 2021 жылдың маусымына дейін жұмыс істеді.
2021 жылғы 20 тамызда Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары болып тағайындалды.
«Qyzyljar» арнайы экономикалық аймағының басқарушы компаниясы серіктестігін басқарды.
Осы тағайындауға дейін «Kazakh Invest ҰК» АҚ өңірлік директоры болып еңбек етті.
Тағы оқыңыз: Петропавлда су басқан шағын аудандар абаттандырылады