Жақында «Севказэнерго» АҚ жылу энергиясының тарифтік бағасын өсірмек. Себебі, компания үшін негізгі тауар болып табылатын көмірдің бағасы қымбаттап кеткен, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.
Компанияның бас директоры Анатолий Казановскийдің сөзінше, қазіргі уақытта тариф мөлшері 4059 теңгені құрайды екен. Енді компания бұл бағаны 4350 теңгеге көтермек. Бағаны өсірудегі басты себеп, көмір шикізатының қымбаттауы. Тарифтік сметада қара отын бағасы 2300 теңге деп көрсетілген болса, көмірдің нақты бағасы 3000 теңгеден асатын көрінеді. Яғни, қара отын бағасындағы 800 теңге компанияға тікелей шығын алып келеді екен.
«Жылу тарифін өсірудегі тағы бір себеп ол жұмысшылардың еңбекақысы. Тарифтік сметада жалақы 180 мың теңге деп көрсетілген. Ал біз олардың еңбекақысын көтеруді жоспарлап отырмыз. Себебі, бізде кадр тапшылығы бар. ЖЭО-да қазіргі уақытта 250 жұмыс орны бос. Осылайша, көмірдің бағасының өсуінен және жұмысшылардың еңбекақысын көтеру мақсатында біз тариф бағасын өсіруді жоспарлап отырмыз»,-деді «Севказэнерго» АҚ бас директоры Анатолий Казановский.
Жылудың тариф бағасы соңғы рет 2023 жылдың 1ші шілдесінде өзгертілген екен.Алайда, ол уақытта көмір бағасының өсуі есепке алынбапты. А.Казановсикйдің сөзінше былтыр компания 400 млн теңге шығынға кірген.
Тағы оқыңыз:Мемлекеттік органдардың өкілдері: «Тиолайн» ЖШС-нің кен өндіруге құқығы жоқ