Солтүстік Қазақстан облысында мамырдың 22-сімен 30-ы аралығында халықаралық балалар күнінен арналған іс-шаралар өткізілдуе. Басты мақсат- балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, денсаулығын нығайту. Осы орайда медицина мамандары әсіресе жазғы уақытта балалар арасында жарақаттанудың алдын алу бойынша шараларды күшейтуге кеңес береді. Себебі, өңірде жарақаттанған балалар саны былтырғыдан өскен, деп жазады Qazaqstan Media.

Оқушылардың жазғы демалысқа шығуымен, олардың жарақат алу қаупі де арта түседі. Әсіресе, терезеден құлау, көшеде алатын жарақаттар сан өседі. Трамватолог мамандар осы орайда, сақтақ шараларын күшейтуді сұрайды. Терезелерді ашып кетпеуге және далада балаларды қараусыз қалыдрмауды өтінеді.
Жалпы алғанда биылғы үш ай мен өткен жылдың сәйкес кезеңін салыстыратын болсақ, жарақат алып, ауруханаға түскен балалардың саны артқан. Биыл үш ай ішінде 196 бала емделіп шықса, былтыр 188 бала ем алыпты.

СҚО-да жыл басынан 2857 бала дене жарақатын алған
СҚО-да жыл басынан 2857 бала дене жарақатын алған

«Өкінішке қарай, жарақаттану бөліміне жеткізілетін балалардың саны артып отыр. Мысалы, 2024-ші жылдың алғашқы үш айымен 2025 жылдың алғашқы үш айын салыстырсақ, былтыр барлығы 2410 бала қаралды. Биыл 2857 бала. Биыл жол-көлік оқиғасында зардап шеккен бүлдіршіндердің саны азпйды. Биыл 16 болса, былтыр 24 болған еді. Бірақ, спорттық жарақатар, көшеде, далада жарақат алғандар саны өсті. Тұрмыстық жарақаттар саны да 980 фактіден 1109 фактіге дейін артты», — деп хабарлады өңірлік коммуникациялар орталығында өткен брифингте облыстық көпбейінді балалар ауруханасының травматолог дәрігері Шыңғыс Нұрғалиев.

Брифингте сонымен қатар, балалар арасында жиі кездесетін ішек инфекциялары туралы да айтылды. Мамандар тазалық сақтап, жеке бас гигиенасына аса мән беруді сұрайды. Жеміс-жидектерді жуып, су айдындарында шомулы кезінде су жұтпау керектігін еске салады.

Тағы оқыңыз: Петропавлда тағы да бір күн су болмайды

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *