СҚО-да ЖРВИ жұқтырғандар саны өсіп барады

2023 жылдың 1 қазанынан бастап 1 наурызға дейін облыста ЖРВИ-дің 83672 жағдайы тіркелді. Бұл былтырғы 2022-2023 жылдағы эпидемиологиялық маусыммен салыстырғанда 1,9 есеге өскен. Мамандардың сөзінше, ЖРВИ жұқтырғандардың 65 пайызы 14 жасқа дейінгі балалар, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

2023 жылғы 13 қарашадан бастап облыста  А (H3N2) типті тұмаудың 74 жағдайы тіркелген.  Науқастардың көбі яғни 36 жағдайы Петропавл қаласында екен. Қызылжар ауданында 13, М. Жұмабаев пен Мамлют аудандарында алты, ал Ғ. Мүсірепов және Аққайың аудандарында бес науқас анықталды. Тайынша, Тимирязев пен Шал ақында бір фактіден тіркелді.

«ЖРВИ мен тұмау ауруының негізгі белгілері ол жоғары температура, жалпы интоксикация, әлсіздік, тамақ ауруы, мұрын бітелуі. Аурудың алғашқы белгілерінде өзін-өзі емдеумен айналысуға болмайды, міндетті түрде медициналық көмекке жүгіну қажет. Егер кішкентай бала ЖРВИ жұқтырған болса ауруды таратпау үшін оны балабақшаға немесе мектепке жібермеу керек. Ұзақ мерзімді ауру көбінесе асқынулар тудырады. Олардың ішіндегі ең көп таралғаны және қауіптісі – өкпенің қабынуы. ЖРВИ мен тұмаудың алдын алу үшін үйді күн сайын желдетіп,  қолды мұқият жуу керек. Және адам көп жиналатын жерлерге бармау керек», — дейді облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мамандары.

Тағы оқыңыз:Петропавлда бау-бақшаны суару үшін енді есептегіш құралдарын орнату керек

 

Поделиться:

Shares
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x