Уәлиханов ауданының орталығы Кішкенекөл ауылында 20 жастағы жүргізуші жаяу жүргіншілер жолағында велосипедшіні қағып кеткен. Оқиға 20-шы шілде күні тіркелді. Ауыр бас ми жарақатын алған науқас қазір ауыр халде ауруханада жатыр, деп жазады Qazaqstan Media.
Кішкенекөл ауылындағы жол-көлік оқиғасы 20-шы шілде күні сағат 21.30 шамасында болған. Абылайхан көшесіндегі жаяу жүргіншілер жолағында ВАЗ 32110 автокөлігімен келе жатқан 20 жастағы жүргізуші велосипедшіні қағып кеткен. Салдарынан 49 жастағы ер адам ауыр халде аудандық ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлер оған ауыр бас ми жарақатын алған деген диагноз қойып отыр. Науқас бүгінгі күнге дейін ауруханада ес-түссіз жатыр. Қазір тәртіп сақшылары аталған факті бойынша барлық тергеп-тексері амалдарын жүргізіп жатыр.
Тағы оқыңыз: Петропавлда анасының қарауынсыз қалған бала пышақ жарақатын алды