Астана-Петропавл тас жолында жантүршігерлік жол апаты болды. Салдарынан екі адам қаза тапты, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.
Жол апаты 25 сәуір күні сағат 15:45 шамасында СҚО Тайынша ауданының аумағында болған. Астана-Петропавл тас жолында «Volvo» жүк көлігі мен «Chrysler» соқтығысқан. Салдарынан жеңіл көліктің 24 жастағы жүргізушісі мен 52 жастағы жолаушысы оқиға орнында алған жарақаттарынан қайтыс болды.
«Аталған факті ҚР ҚК-нің «Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуының абайсызда екi немесе одан да көп адамның өлiмiне әкеп соққан іс-әрекеті» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне тіркелді», — деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметі.
Тағы оқыңыз: СҚО-да әскерге аттанғалы жатқан қос жігіт қашып кеткен