Солтүстік Қазақстан облысында жұмыссыздар саны көбейіп келеді. Бос жүрген жандардың 53 пайызы — әйелдер, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.
Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, өңір экономикасының әртүрлі салаларында халықтың 64,4% жұмыспен қамтылған. Еңбек ететіндердің 52,3% (143,5 мың адам) – ерлер, 47,7% (130,8 мың адам) – әйелдер.
“Жалдамалы қызметкерлер саны 2023 жылғы II тоқсанда 206,9 мың адамды, немесе экономикада жұмыспен қамтылғандардың жалпы санынан 75,4% құрады. Жұмыспен қамтылған халық ішінде жалданбай жұмыс істейтіндер саны 67,3 мың адамды, немесе 24,6% құрады”, — деп хабарлады Ұлттық статистика бюросы.
Ресми түрде жұмыспен қамту органдарында 5,9 мың адам жұмыссыз деп тіркелген. Бұл жалпы еңбекке жарамды азаматтардың 2,1% құрайды. Жалпы, облыста жұмыссыздық деңгейі 4,8% болып қалыптасты. Жұмыссыздардың 46,9%-ын ерлер, қалған 53 процентін әйелдер құрады. 15-34 жастағы жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі 4,8% шамасында қалыптасты.
Тағы оқыңыз: СҚО-да атмосфералық ауаның жай-күйі бақылауда