СҚО-да заң талаптарын бұзып, қызметкерлерді жұмысқа қабылдаған шенеунік айыппұл төлейді

Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың аудандық ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің меңгерушісі «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарын ескермей, қызметкерлерді жұмысқа қабылдаған. Құқық бұзушылық жасаған лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Аталған факт Солтүстік Қазақстан облысы прокурорларының жүргізген талдау шаралары барысында анықталған.

«Аққайың ауданының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің меңгерушісі «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарын бұза отырып, ведомстволық бағынысты ұйымдардың директорларын қызметке тағайындау кезінде олардың заңда белгіленген тәртіппен 250 үлгідегі салық есептілігін тапсыру туралы хабарламаларды ұсыну шараларын қабылдамаған. Нәтижесінде бөлім басшысы ӘҚБтК-нің 680-бабында көзделген, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларын қолданбау туралы әкімшілік құқық бұзушылық жасаған», — делінген облыстық прокуратураның баспасөз қызметі ұсынған ақпаратта.

Прокурордың қаулысымен бөлім басшысы айыппұл түріндегі әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Айыппұл мөлшері – 369 200 теңгені құрайды. Салық есептілігін уақтылы ұсынбаған ведомстволық бағынысты ұйымдарының директорлары да ӘҚБтК-нің 272-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Тағы оқыңыз: СҚО-да су қоймасы ернеуінен асып жатыр

 

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x