СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов облыстың тұрақтандыру қорын тексерді. Қазір мұнда 9 мың тонна өнім бар, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Тұрақтандыру қорында қазір  көкөністер, күріш, қарақұмық, макарон өнімдері, қант, тұз, тауық еті, жұмыртқа және күнбағыс майы бар. Бұл қор 5 айға жетеді. Облыстағы күрделі су тасқыны қалыптасатын ауылдарға осы тұрақтандыру қорының өнімдері жеткізілмек.

СҚО-да су тасқынынан зардап шеккен ауылдарға тұрақтандыру қорының өнімдері жеткізілмек

«Қажет болған жағдайда тұрақтандыру қорының өнімі күрделі су тасқыны жағдайы қалыптасатын елді мекендерге көліктермен жеткізіледі. Жалпы, бұл кезеңде ең қажетті тауарлар бағасының көтерілуіне жол бермеу және баға өзгерген кезде интервенция жасау өте маңызды», – деп жазды облыс әкімі әлеуметтік желіде.

Тағы оқыңыз:СҚО-да заң талаптарын бұзып, қызметкерлерді жұмысқа қабылдаған шенеунік айыппұл төлейді

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x