Өңірімізде кезекті мәрте «Халық заңгері» акциясы өтті. Жұртшылықтың мәселесі қаралып, шешу жолдары талқыланатын шара «Заң мен тәртіп»идеологиясын ілгерілету тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде ұйымдастырылды, деп хабарлайды Qazaqstan Media.
Оқушылар сарайының екінші қабаты мәселе талқыланған ашық алаңға айналды. Жерлестерімізді түрлі проблема алаңдатады. Бірі зейнетақы саласына, ал екіншісі жерге қатысты сауалмен келген.
«Акцияға өңірдегі прокуратура органдарының бірінші басшылары, облыс, аудан және Петропавл қаласы әкімдіктерінің, басқа да мемлекеттік, уәкілетті және құқық қорғау органдарының, жеке сот орындаушылардың, адвокатура мен нотариат өкілдері қатысып отыр», — Петропавл қаласы прокуратурасының бөлім прокуроры Рауан Туғанбай.
Петропавл қаласында «Халық заңгері» акциясы 3 жерде ұйымдастырылды. Оқушылар сарайынан бөлек, арнайы топ «Рахмет» және «Сити Молл» сауда-ойын-сауық орталықтарында тұрғындармен тілдесті. Сонымен қатар, мұндай шара өңіріміздің аудандарында да өтті. Бір уақытта бастау алған акция 19:00-де аяқталды. Жедел құқықтық көмекпен 2 мың адам қамтылды.
Тағы оқыңыз: Петропавлдағы №3 қалалық емханаға — 15 жыл

