СҚО-да тапа-тал түсте жас қызды тонап кетті

Қызылжар ауданының орталығы Бескөл ауылында белгісіз ер адам жас қызға тап беріп, қолындағы ақшасын алып кеткен, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Оқиға 24 тамыз күні түс кезінде болған. Көшеде келе жатқан 15 жасар қызға белгісіз ер адам тап беріп қолындағы бір мың теңгені алып кеткен. Аталған дерек бойынша бірден полицияға хабар берілгенімен, күдікті әлі ұсталған жоқ.

«Аталған факт ҚР ҚК 191-бабы 2-бөлігінің 1-тармағы «Тонау»  бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелді. Қазіргі уақытта полицейлер осы қылмыстық құқық бұзушылықты жасаған адамды анықтауға бағытталған жедел-тергеу іс-шараларын жүргізуде», — деп мәлімдеді облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Тағы оқыңыз: Петропавлда жетім баланы пәтер кезегінен ысырып тастаған

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x