Солтүстік Қазақстан облысында көпбалалы отбасы тұратын үйде өрт шыққан. Абырой болғанда үйде орнатылған түтін датчигі уақытылы іске қосылып,  отбасы мүшелері аман қалды, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Оқиға Шал ақын ауданының Сергеевка қаласында болған. Көпбалалы отбасы тұратын көппәтерлі үйде өрт шыққан. Сол сәтте үйде 3 және 6 жастағы екі кішкентай бала мен олардың әкелері болған. Ал 2009 және 2019 жылы туған қыздар әжесінің үйінде, 2013 жылы туған ер бала мектепте, ал аналары жұмыста болған.

Өрт сымдардың қысқа тұйықталуы салдарынан көрші пәтердің кіреберісінде басталды. Түтін үйге кіре бастағанда датчик іске қосылған. Дабылды естіген әке балаларын дереу сыртқа шығарып, өрт сөндірушілерді шақырған.

«Былтыр күзде ТЖМ қызметкерлері орнатқан түтін датчигінің арқасында үш адам аман қалды. Егер датчик орнатылмаса, қайғылы жағдайға алып келер еді», — деді облыстық ТЖД баспасөз қызметі.

Тағы оқыңыз: СҚО-да әлі бірде-бір асфальт зауыты жұмысын бастамаған

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *