Петропавлда түнгі уақытта үлкендердің бақылауынсыз көшеде жүрген 22 жасөпірім анықталды. Аталған фактілер 3 күн бойы өткен «Түнгі қаладағы балалар» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында тіркелген, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.
Осы күндері білім беру саласының қызметкерлері мен тәртіп сақшылары түнгі уақытта рейдтер жүргізіп, жалдамалы пәтерлер мен коттедждерді, супермаркеттер мен ойын-сауық мекемелерін тексерді. Нәтижесінде, Интернационал мен Жұмабаев көшелерінің қиылысында полицейлер 17 жастағы үш қызды тоқтатты. СҚО ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, олар таныстарының үйінде отырып, ата-аналарына таксимен ораламыз деп айтқан. Алайда, мұны орындамай, сағат 23:00-ден кейін көшеде жүрген. Баласын қараусыз жіберген ата-аналарға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 442-бабының 2-бөлігі бойынша хаттама толтырылып, ескерту жасалды. Егер осындай жаағдай тағы қайталанса, онда айыппұл төлеуге тура келеді.
«Жедел-профилактикалық іс-шараның 3 күнінде осындай 22 факт анықталды. Сонымен қатар, ішімдік ішкен жасөспірімнің заңды өкілі ҚР ӘҚБтК-нің 440-бабы бойынша жауапкершілікке тартылды», – дейді СҚО ПД ЖПҚ басқармасының бастығы Айдын Байматов.
Тағы оқыңыз: Қазақстандық көпбалалы отбасылар 135,4 млрд теңге жәрдемақы алды