https://qaz-media.kz/kk/petropavlda-o%d2%9bushy-%d2%9byzben-zhynysty%d2%9b-%d2%9batynas%d2%9ba-t%d2%afsken-mektep-psixology-eki-zhyl%d2%93a-sottaldy/

СҚО-да су тасқынынан зардап шегіп қазір эвакуациялық пункттерді паналап отырған өңір тұрғындары жаңа жатақханаға көшірілді. Жалпы қалада 12 эвакуациялық пункт болса оның жетеуі білім ордаларында құрылған болатын. Мектепті паналап отырған адамдар енді уақытша Е. Дауытов атындағы Петропавл қаласының қызмет көрсету саласы колледжінің студенттеріне салынған жатақанада тұратын болады, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Петропавлда қазір 195 адам мектептерде құрылған эвакуациялық пунктерді паналап отыр. Олардың 107 қазір жаңа жатақханаға көшірілді. Тұрғындар өз үйлері дайын болғанша осы жерде тұратын болады. Жалпы, қызмет көрсету саласы колледжінің жаңа жатақханасы 244 адамға шақталған.

СҚО-да су тасқыны кезінде баспанасыз қалған тұрғындар жаңа жатақханаға көшірілді

СҚО-да су тасқыны кезінде баспанасыз қалған тұрғындар жаңа жатақханаға көшірілді

 

«Облыс әкімінің тапсырмасымен су тасқыны салдарынан баспанасыз қалған адамдарға Е. Дауытов атындағы қызмет көрсету саласы  колледжінің жаңа жатақанасы беріліп жатыр. Олар бұл жерде тегін тұрады. Уақытша баспанада тұрғындардың жайлылығы үшін жаңа көрпе-төсектер, ыдыс-аяқтар барлық қажеттті заттар дайындалды. Бұл жерде де медицина қызметкерлері мен тәртіп сақшылары кезекшілік етеді», – деді Петропавл қаласы әкімінің орынбасары Қалия Түренова.

СҚО-да су тасқыны кезінде баспанасыз қалған тұрғындар жаңа жатақханаға көшірілді

 Бұл жатақханада су тасқынынан үйлері зақымданып қазір туыстарының үйінде тұрған отбасыларда тұра алады. Зардап шеккендер жағдайы жасалған бөлек бөлмелері бар орын бергендеріне дән риза. Бірақ құрылысы енді аяқталған жатақханада тұра алмайтын тұрғындар да бар екен.

 «Жаңа жатақхана мен үшін қолайсыз. Өйткені, әлі құрылыс материалдарының иісі бар. Ал мен астма ауруымен ауырамын. Екі әжем бар олардың біреуінің көзі нашар көреді. Біреуінің аллергиясы бар. Олар үшін де бұл жер қолайсыз», – дейді қала тұрғыны Наталья Чорба.

Петропавл қаласы әкімінің орынбасары Қалия Түренованың сөзінше, бұл жатақхана тұрғындар жаңа оқу жылы басталғанша тұрады.

Тағы оқыңыз:Петропавлда оқушы қызбен жыныстық қатынасқа түскен мектеп психологы екі жылға сотталды

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x