«BioOperations» ЖШС өндіретін бидай глютені Бразилия мемлекетіне жөнелтілді. Осылайша кәсіпорын саудалайтын тауардың географиясы кеңейтілді, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Тайынша ауданында орналасқан «BioOperations» ЖШС Түркия, Беларусь, Ресей Федерациясы, Италия, Нидерланды сынды мемлекеттермен тығыз сауда-саттық қарым-қатынас орнатты. Енді жергілікті серіктестік өндірілген бидай глютенін Бразилияға да экспорттайды.

«Ақпан айында мамандарымыз тауарды Бразилияға жеткізу үшін сертификаттаудан өтті. Рұқсат құжаттары берілген соң глютеннің 45 тоннасы Бразилияға жөнелтілді. Сондай-ақ, «BioOperations» компаниясы өткен жылдан бастап, Ұлыбратанияға биоэтанол экспорттауды қолға алды. Бұл өнім Еуропада автомобиль жанармайы ретінде кеңінен қолданылады», – дейді облыстық кәсіпкерлер палатасының директоры Тимур Бекеев.

 «BioOperations» компаниясы астықты терең өңдеумен айналысатын жоғары технологиялық кәсіпорын. Зауыт биоэтанол, бидай глютені, крахмал, ұн және мал азығын өндіреді. Кәсіпорын «KazFoodProducts» компаниялар тобының құрамына кіреді.

«Біз өнімімізді Қазақстанда да, шетелде де саудалап келеміз. Экспорттық елдердің қатарында Өзбекстан бар, оларға кебек жібереміз. Ал Ауғанстанға ұн сатамыз, Англияға – биоэтанол, Үндістан, АҚШ, Колумбия, Түркия, Ресей Федерациясы, Италия және Нидерландыға бидай глютені мен крахмал экспорттаймыз. Осы жылдан бастап біз Бразилиямен сауда-саттық қарым-қатынасты қолға алып жатырмыз. Күніне шамамен 40 тонна бидай глютенін өндіреміз»,– дейді «BioOperations» ЖШС сату бөлімінің бастығы Амангелді Қазинов.

Жыл басынан облыстық кәсіпкерлер палатасының мамандары жергілікті тауар өндірушілерге өнімді шетелге сатуға рұқсат беретін 556 тегін экспорт сертификатын берді.

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x