СҚО-дағы Ақанбұрлық, Бабықбұрлық, Шарық өзендерінде су деңгейінің төмендеуі байқалды. Яғни, шарықтау шегі өтті, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Облыстағы Тоқсан би бекетінде де шамалы төмендеу бар. Ал Сергеев су қоймасындағы су деңгейі қазір ернеуінен 425 см асқан. Тасыған су Шал ақын, Есіл, Қызылжар аудандары мен Петропавл қаласы бойынша өтеді.

«Біздің болжамымыз бойынша Сергеев су қоймасынан аққан су Есіл ауданына 14 сәуір барады. Ал Қызылжар ауданында 21 сәуірде су тасқыны болуы мүмкін. Ал Петропавлға Сергеев су қоймасынан су 12-14 сәуір күндері келе бастайды да 23 сәуірге дейін жалғасады деп күтіледі», — деді «Қазгидромет» СҚОФ директоры Қымбат Мерғалымова.

Тағы оқыңыз:СҚО-ға Астанадан 300-ден астам сарбаз көмекке келді

 

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x