ҰҚК Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті Петропавлда өткен «Халық еңбекшілер Кеңесінің» мәлімдемесінен кейін қылмыстық іс қозғады. Бұл туралы Мәжілісте Бас прокурордың орынбасары Жандос Өміралиев мәлімдеді, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі Tengrinews.kz. агенттігіне сілтеме жасап.
«Аталған ақпаратты алғаннан кейін Солтүстік Қазақстан облысы бойынша ҰҚК департаменті Қылмыстық Кодекстің 180-бабы, 2 – бөлігі — «БАҚ-ты пайдалана отырып, адамдар тобында сепаратизмді насихаттау» бойынша қылмыстық іс қозғады. Қылмыстық іс шеңберінде тұрғылықты жері бойынша да, жұмыс орны бойынша да тінту жүргізілді. Тәркіленген бейнетаспалар бойынша, сондай-ақ әлеуметтік желілердегі сюжет бойынша бірден сараптама тағайындалды», — деді Өміралиев.
Бас прокурордың айтуынша, іс бойынша 18 адамнан жауап алынуда. Олардың іс-әрекеттеріне сараптамадан кейін баға беріледі.
«Сараптаманы Әділет министрлігінің қызметкерлері жүргізеді, одан кейін әрбір қатысушының іс — әрекетінің біліктілігі бойынша қорытынды жасауға және бұлтартпау шарасын таңдауға болады», — деп қосты ол.
Тағы оқыңыз: Kozybayev University ұстаздары кампус аумағында дендробақ ашты