СҚО полицейлері заңсыз аң аулаудың екі фактісін анықтады. Браконьерлер қорықшылармен бірлесіп жүргізілген рейдтік іс-шаралар барысында ұсталды, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Ел аумағында 1 ақпаннан бері «Браконьер» жедел-алдын алу іс-шарасы өткізілуде. Осыған орай тәртіп сақшылары қорықшылармен бірлесіп рейдтік шараларды күшейткен. Жедел ақпаратты тексеру барысында Тайынша ауданындағы ауылдардың бірінде бес бірдей Сібір елігін атып алған тұрғын ұсталды. Тайыншалық еліктердің ұшасын үйіне әкеліп қойған. Заңсыз аң аулады деген күдікке оның 43 жастағы танысы да ілігіп отыр.

«Өйткені, нақ осы ауыл тұрғынына қарда жүретін көлік пен «ТОЗ-34» қос ұңғылы мылтығы тиесілі екен. Алдын ала бағалау бойынша табиғатқа келтірілген залал 7 миллион теңгені құрайды», — деді облыстық ПД баспасөз қызметі.

СҚО полицейлері заңсыз аң аулаудың екі фактісін анықтады. Браконьерлер қорықшылармен бірлесіп жүргізілген рейдтік іс-шаралар барысында ұсталған СҚО полицейлері заңсыз аң аулаудың екі фактісін анықтады. Браконьерлер қорықшылармен бірлесіп жүргізілген рейдтік іс-шаралар барысында ұсталған

Заңсыз аң аулаудың екінші фактісі Айыртау ауданында тіркелді. Рейд барысында полицейлер мен қорықшылар атқа мініп, қару асынған адамды байқайды. Ер азаматтың айтуынша, қару-жарақ оның туысы, 52 жастағы ауыл тұрғынына тиесілі екен. Көп ұзамай мылтық иесі де табылады.

«Ол бірнеше шақырым жерде жасырынып отырған.  Оның қасында үш Сібір елігінің ұшасы анықталды. Олардан тәркіленген «ИЖ-17» бір оқпанды мылтығы тіркелмеген болып шықты. Сондай-ақ, атыс орнынан жануарлардың өлекселері тәркіленді», — делінген ақпаратта.  

Заңсыз аң аулау фактілері бойынша қылмыстық іс қозғалды, тергеу әрекеттері жүргізілуде.

Тағы оқыңыз: Синоптиктер: Қазақстанда көктем жылы болады

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *