СҚО-да салық органдары кәсіпкерлерді заңсыз тексерген

Солтүстік Қазақстанда мемлекеттік кірістер департаментінің лауазымды тұлғалары бизнесмендерді заңсыз тексеріп келген. Облыс прокурорлары мұндай 29 фактіні анықтап, тексеріс нәтижесінің күшін жойды, деп хабарлайды Qazaqstan Media  тілшісі.

Заңсыз салықтық тексерістер облыстық мемлекеттік кірістер департаментінің тапсырмасы бойынша жүзеге асқан. Петропавлда кәсіпкерлерге қатысты заңсыз 9 салықтық тексеру жүргізіліпті. Осындай жағдай Есіл, Қызылжар, М. Жұмабаев, Шал ақын және Мамлют аудандарында да анықталды.

«Қадағалау органының актілері бойынша мемлекеттік кірістің аумақтық органдарының лауазымды тұлғалары заңда белгіленген жауапкершілікке тартылып, 29 салықтық тексеру заңсыз деп танылды. Олардың күші жойылды. Сонымен бірге, облыстық қадағалау органының шаралары бойынша тексеру жүргізу туралы заңсыз тапсырма бергені үшін департаменттің жауапты басшылары сөгіс түріндегі тәртіптік жауапкершілікке тартылды», — деп жазылған СҚО прокуратурасының хабарламасында.

Тағы оқыңыз: СҚО-да бір тәулікте 15 жол учаскесін су шайып кетті

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x