СҚО-да полицей қорғаныс құралдарын жинаумен әуестенеді

Солтүстік Қазақстан облысының тумасы Эльдар Алимкиннің үйінде азаматтық қорғаныс құралдарының түр-түрі бар. Покровка ауылының тұрғыны 70-80 жылдарға тиесілі 40-қа жуық жәдігерді жинаған. Оның көпшілігі бүгінде сирек кездеседі, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Облыстық мамандандырылған күзет қызметі басқармасының полицейі Эльдар Алимкиннің үйін бейне бір музей дерсің. Мұнда радиациялық қорғаныс құралдары, дозимерт, жауынгердің химиялық қорғаныс костюмінің жиынтығы, каска, тіпті осы салаға қатысы бар деген небір оқулықты да кездестіресіз. Коллекциядағы ең ерекше экспонат – газтұтқыш. Жәдігерлер арасында оның 20-ға жуығы бар. Бәрі көне, өзінше ерекше. Топтама иесінің осындай көненің көзін жинауы бекер емес. Коллекционердің пікірінше, бұл — патриоттық тәрбиенің құралы, тарихтың бір бөлшегі.  
СҚО-да полицей қорғаныс құралдарын жинаумен әуестенеді

«Мұндағы әр экспонаттың орны бөлек. Өзім тарихқа қатты қызығамын. Сондықтан коллекция жинаймын деп шештім. Әлеуметтік желіні ақтарып отырып, өзім сияқты ерекше әуестігі бар жандармен таныстым. Олар да маған көмектесті. Экспонаттардың басым бөлігін Ресейден алдырттым. Мынау — азаматтық бесінші противогаз. Мұндай газтұтқыштарды тұрғындар биогаздан қорғану үшін қолданған. Тыныс алу жолдары мен көзді, бет терісін толығымен жауып тұрады», — дейді полиция қызметкері Эльдар Алимкин.

Эльдар әр жәдігер жайында қызыға айтады. Мәселен, ұшқыштарға арналған газтұтқыш теріден жасалған, ол ұзақ уақыт киюге ыңғайлы. Енді бірі ракеталық әскер жауынгерлеріне, үшіншісі азаматтық тұлғаларға арналған. Әр модельдің өз ерекшелігі бар.

«40-50 жылдардың басында Америка университеттерінің бірінде осы газтұтқышты шығара бастады. Бұл өте сирек кездеседі. Былай қарасаңыз америкалық қорапсыз противогаздың көшірмесі. Сондай-ақ, мектеп оқушыларына, 2 жасар балаларға арналған газтұтқыштар да бар. Кейбірін сатып аламын, енді бірін достарым, таныстарым сыйлап жатады. Ал мынау құрал «ДП 5Б» деп аталады. Бұрын рациация орнын анықтау үшін қолданылған», — дейді коллекционер.

Болашақта Эльдар Алимкин топтамасын толықтырып, музей ашуды көздеп отыр.

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x