СҚО Тайынша ауданының жер қатынастары бөлімінің басшысы ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді заңсыз пайдалану туралы өтініш жазған. Онда пайдалы қазбаларды заңсыз өндіру үшін заңсыз аршу жұмыстарын жүргізетіндерге шаралар қабылдау туралы айтылған, деп жазады Qazaqstan Media.
Жер қойнауын өз бетінше пайдалану фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Оның аясында заңсыз аршу жұмыстарын жүргізу орнына полиция қызметкерлері мен жедел-тергеу тобы жіберілді.
«Олар барлық мән — жайларды анықтау, қызметкерлер мен жүргізушілердің жеке басын анықтау, осыған тартылған техниканы нақтылау бойынша заңды шаралар қабылдады»,-деп атап өтті СҚО ПД баспасөз қызметі.
Тайынша аудандық соты жергілікті тау-кен байыту комбинатының жүргізушісін бес тәулікке қамауға алу түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартты. Ол полиция қызметкерлерінің заңды талаптарына бағынбаған.
«Істі тергеу барысы облыс прокуратурасы мен полиция басшылығының бақылауында. Алдын ала мәліметтер бойынша, пайдалы қазбаларды заңсыз өндірумен заңсыз аршу жұмыстарының нәтижесінде мемлекетке 600 миллион теңгеден астам шығын келтірілген», — деп толықтырды полиция ведомствосының баспасөз қызметі.
Тағы оқыңыз: Уәлиханов ауданындағы «Жолдасбай агро» шаруа қожалығы былтыр халыққа 1073 тонна пай берген