Солтүстік Қазақстан облысында мефедрон таратумен айналысқан жігітке қатысты сот үкімі шықты. Ол алдағы жеті жылын темір торда өткізетін болады, деп жазады Qazaqstan Media.

Мефедронды таратып жүрген жігіт биыл жылдың басында ұсталған болатын. Ол Петропавлдағы «Труд»  саяжай серіктестігінде  синтетикалық есірткіні жасырып кету тәсілімен таратқан. Күдікті көрсеткен жерден жедел уәкілдер 7,7 грамнан астам мефедрон салынған сегіз түйіншекті тауып, тәркіледі. Тағы 16 грамнан астам есірткі күдіктінің өзінен және автокөлігінен табылды.

Тергеу барысында 35 жастағы ер адам тағылған айыптың бір бөлігінен жалтаруға тырысты. Айтуынша, ол есірткіні өзі үшін алғанын, кейін жасырған орыннан қайта жинамақ болған. Алайда тергеу материалдары бұл уәжді жоққа шығарды. Сот-медициналық сараптама оның өзге есірткі заттарын пайдаланатынын анықтады. Сот үкімімен петропавлдық азамат кінәлі деп танылып, оған жеті жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Үкім заңды күшіне енді.

Тағы оқыңыз: Петропавлда «Ұлы халықтың ұлы Абайы» атты әдеби-сазды кеш өтті

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *