Солтүстік Қазақстан облысында білім саласына 117 маман қажет. Әсіресе, математика пәні мұғалімі, логопед, педагог-психолог және дефектолог сынды кадрлар жетіспейді, деп жазады Qazaqstan Media тілшісі.
Облыстық білім басқармасының мәліметінше, қазір облыста жалпы 9811 мұғалім, колледждерде 1157 педагог бар. Бірақ кадр мәселесі де өткір тұр. Өңірге 117 маман жетіспейді.
«25 – математика мұғалімі, 21 – педагог-психолог, 12 – логопед-дефектологқа қажеттілік бар. Әсіресе, Ғ. Мүсірепов, Шал ақын аудандарында педагогтар тапшы болып отыр. Петропавл қаласының мектептері бойынша тұрақты бос орындар жоқ. Мектептер бойынша айтар болса, Уәлиханов ауданындағы №1 Кішкенекөл орта мектебіне орыс тілі мен әдебиеті, математика мұғалімі, педагог-психолог, логопед қажет. Аталмыш аудандағы Береке негізгі мектебінде орыс тілі, химия, география, биология мұғалімінің орны бос тұр», — деп нақтылады ведомствода.
Осыған дейін біз білім саласында 384 зейнеткердің жұмыс істеп жүргенін жазған болатынбыз. Оның ішінде төртеуі колледждерді басқарады
Тағы оқыңыз: Су тасқыны – 2024: СҚО әкімі тікұшақпен су басу қаупі бар аудандарды аралады