СҚО-да мас көлік жуушы клиенттің машинасын айдап кеткен

Петропавлда көлік жуу серивсінің 28 жастағы қызметкері Volkswagen машинасын айдап кеткен. Мас әрі көлік басқаруға құқығы жоқ жігітті полицейлер көп ұзамай ұстады, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

5 ақпан күні сағат 09:30 шамасында Петропавл қаласының тұрғыны, белгісіз адам оның Volkswagen Amarok 2h автокөлігін айдап кеткенін айтып, полицияға жүгінген. Өтініш берушінің айтуынша, ол бір сағат бұрын көлігін жууға қалдырған. Көлік құны —  12 млн теңге. Полицейлер ұрланған автокөлікті іздеу үшін автопатрульдер мен бейнебақылау операторларының көмегіне жүгінген. Көп ұзамай темір тұлпар Жамбыл Жабаев көшесінде тоқтатылды.

«Көлік құралын заңсыз иемденді деген күдік бойынша рөлде болған 28 жастағы көлік жуу сервисінің жұмысшысы ұсталды. Медициналық куәландыру оның мас күйде болғандығын көрсетті.  Тексеру барысында ер адамның жүргізуші куәлігі де жоқ екендігі анықталды. Сондықтан ол Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 608-бабының талаптарына сәйкес, 20 тәулік қамауға алынады», – деп хабарлайды Петропавл қалалық полиция басқармасының бастығы Марат Жұмалиев.

Әкімшілік жазаны өтегеннен кейін ер адам «Автомобильді немесе өзге де көлік құралын ұрлау мақсатынсыз заңсыз иелену» бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін. Ол 2 мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл төлейді немесе  2 жылға дейін бас бостандығынан айырылады.

Тағы оқыңыз: Петропавлда жеке тұрғын үйлердің ауласындағы қар тегін шығарылады

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *