68 адам жүргізуші куәлігінен айырылды

Жыл басталғалы облыс аумағында алкогольдік ішімдік ішіп, көлік тізгініне отырған 237 адам ұсталды. Оның 68-і әкімшілік жауапкершілікке тартылып, жүргізуші куәлігінен айырылды, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Биыл патрульдік полиция қызметкерлері жол қозғалысы ережелерін бұзудың 16  687 фактісін анықтады. Оның 7603-і өрескел бұзушылыққа жатады. Мәселен, 237 жүргізуші мас күйде автомобиль басқарып ұсталған. 68-і құжатынан айырылды. Өткен жылы мұндай 73 факті тіркелген еді.

«Мас күйде көлік тізгініне отырған жүргізуші 15 тәулікке қамауға алынып, 7 жылға құжатынан айырылатынын еске салғым келеді. Егер адам денсаулығына немесе мүлікке зақым келетін болса, жаза 20 тәулікке созылады. Көлік жүргізу құқығынан айырылған адам рөлге қайтадан мас күйінде отырса, бұған қылмыстық жауапкершілік қарастырылған. 5 мың АЕК мөлшеріне дейін айыппұл салынып, 5 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Мұндай жағдайда жүргізуші құжатынан өмір бойына айырылады», — деді СҚО ПД бастығы Айдын Қабдұлдинов.

Тағы оқыңыз: Елімізде жеңіл көліктер көбейді

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x