26 қазанда Солтүстік Қазақстанда облыстық, қалалық және кей аудандардың мәслихат депутаттарын сайлауы өтті. Оның қорытындысы жарияланып, облыстық мәслихат депутаттығына Қанат Айтбаев сайланды, деп жазады Qazaqstan Media.

Облыстық мәслихатқа депутатты сайлауға келсек, сайлаушылар тізіміне 24318 азамат енгізілді. 9368 тұрғын дауыс берген. Оның ішінде 274 сайлаушы үй-жайдан тыс қатысқан. Бұл саяси науқанға үш кандидат ұсынылды. Ең көп дауысты Айтбаев Қанат Кикбайұлы  жинады. Ол үшін сайлаушылардың 6970 дауыс берген. 185 адам «бәріне қарысымын» дегенді  таңдаса, Болат Хамзин үшін 1134 тұрғын дауыс беріпті. Ал, 899 адам Сандар Жамбурбайды таңдаған.

Айтбаев Қанат Кикбайұлы 1971 жылы туған, «Айтбаев» ЖК басшысы, «AMANAT» партиясының мүшесі.

Сонымен қатар, Петропавл қалалық мәслихатының № 13 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша шығып қалған депутатының орнына сайлау қорытындысы да шықты. Саяси науқанда дауыс беруге  тиіс 8595 азаматтың 3156 сайлаушы келген. Мұнда да үш кандидаттың ішінен 2266 дауыспен Николай Новиков жеңді. Ол 1991 жылы туған, №1 қалалық емхана директоры. «Қазақстан Халық партиясы» ҚБ ұсынған кандидат.

Сайлау қорытындысымен Шал ақын аудандық мәслихатының № 8 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша депутаты болып – Мәдиев Руслан Жеңісұлы сайланды. Ол 1991 жылы туған,  Шал ақын аудандық электр желілері «СҚ ЭЖТК» АҚ бастығы. «Ауыл» партиясы мүшесі.

«Сайлау қорытындысымен Мағжан Жұмабаев аудандық мәслихатының № 10 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша депутаты болып – Сматов Қайнолла Тоқаұлы сайланды. Ол 1964 жылы туған, Мағжан Жұмабаев ауданының «AMANAT» Партиясы» ҚБ-нің жауапты хатшысы, Булаев қаласында тұрады, «AMANAT» Партиясы» ҚБ ұсынған»,- деп хабарлады М.Жұмбаев аудандық сайлау комиссиясы.

Тайынша аудандық сайлау комиссиясының хабарлауынша, аудандық мәслихатының №9 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша депутаты болып Хасенова Татьяна Владимировна тіркелген. Ол  аудандық мәдениет үйі әдіскері. «AMANAT» партиясының мүшесі.

Тағы оқыңыз: Петропавлда оқушылар сырт киімдеріне жарық шағылыстырғыш элементтерді міндетті түрде тағатын болды

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *