Солтүстік Қазақстанда колонияға бірден сегіз ұялы телефон өткізбек болған кәсіпкер ұсталды. Бизнесмен оларды құрылыс материалдарының арасына жасырған, деп хабарлайды Qazaqstan Мedia тілшісі.
Аталған факт 12 ақпан күні Солтүстік Қазақстан облысы бойынша ҚАЖД-ға қарасты №48 мекемесінде тіркелген. Жеке кәсіпкер түзету мекемесіне құрылыс материалдарымен бірге сегіз телефон, сегіз SIM-карта, екі қуаттағыш және бес құлаққап алып өтпекші болған.
Тыйым салынған заттар бірден тәркіленді. Ал оны алып өтпек болған азамат жауапқа тартылды. Еске сала кетейік, қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде ұсталатын адамдарға тыйым салынған заттар мен басқа да бұйымдар бергені үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.
Тағы оқыңыз: СҚО-да үйде қамалып қалған үш жасар бала құтқарылды